«Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 және «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 1 қарашадағы № 629 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 16 маусымдағы № 290 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13409 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне енгізу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарда:
4-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 17 қазандағы № 488-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35283 болып тіркелген) «Мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органда есепке қойылу туралы куәліктің, жазылу индексінің (болған жағдайда) және ISSN (International Standard Serial Number (Интернйэшнл Стандард Сериал Намбер)) (бұдан әрі - ISSN) халықаралық стандартты сериялық нөмірінің болуы;»;
1-тармағының бесінші - сегізінші абзацтары 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі